№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ДОМБЫРА - ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

ДОМБЫРА - ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ


Ұлттық домбыра күніне орай ауданымыздағы "PRIME PARK" орталық саябағында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.


Көрмеде қазақтың күй өнері, ұлттық музыка мәдениеті, қасиетті қара домбыраның тарихы мен тағылымын насихаттайтын құнды кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылып, оқырмандарға мазмұнды ақпарат берілді. Көрменің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, жас ұрпақтың бойында халқымыздың рухани мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Домбыраның қоңыр үні – ұлттың мәңгілік үні. Ол өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол сілтейтін рухани көпір. Ұлттық мұрамыздың қадірін арттырып, рухымызды асқақтататын осындай игі шаралар жалғасын таба берсін!
Домбыраның үні мәңгілік жаңғырып, қазақ рухы асқақтай берсін!
06 шілде 2026 ж. 204 0