№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ұлттық домбыра» күні

«Ұлттық домбыра» күні



Жаңақорғанда «Ұлттық домбыра» күні ерекше аталып өтті. Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов барша халықты атаулы мерекемен құттықтады.
Ұлттық домбыра күні– еліміз үшін ерекше мейрам. Оны ел болып атап өту арқылы халқымыздың рухын көтеріп, танымын арттырамыз. Сондай-ақ, ұлы дала дәстүрлерін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, төл өнеріміздің құдіретін танытамыз. Шын мәнінде, қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлес қосуда. «Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Өзіндік үні қайталанбас адам бойына рух беретін, ішкі жан дүниеңді әдемі нұрға бөлейтін домбыраның үніне жетер жер бетінде ешқандай аспап жоқ. Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім - кімді де тамсандырмай қоймайды.
Ұлттық құндылығымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі. Құрманғазы мен Дина, Махамбет пен Жамбыл, Ақан мен Біржан, Балуан Шолақ, Әміре сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше.

Ардақты әлеумет, құрметті өнер сүйер қауым!
Құндылығымыз артып, ел жүрегінен қоңыр күйімен орын таба білген домбырамыздың қашанда мәртебесі биік болып, әрбір қара шаңырақтың төрінен табылып, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіре берсін!

Баршаңызды тағы да Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.

Құрметпен,
Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
07 шілде 2023 ж. 198 0