№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Нитратпен піскен жемістердің денсаулыққа зияны!

Нитратпен піскен жемістердің денсаулыққа зияны!


– Нитраттар – топырақ пен суда табиғи түрде кездесетін азот қосылыстары. Өсімдіктердің өсуі үшін құрамында нитраттардың болуы маңызды. Нитраттардың өзі салыстырмалы түрде қауіпсіз, алайда адам ағзасында олар нитриттерге айналуы мүмкін. Артық мөлшерде нитриттер қанның оттегін тасымалдау қабілетін төмендет
еді.  Әсіресе ерте жастағы балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар сезімтал келеді.
Ерте пісетін көкөністер көбінесе жылыжай жағдайында өсіріледі және өсуін жеделдету үшін тыңайтқыштар қолданылады. Агротехникалық талаптар сақталмаған жағдайда, әсіресе жарық пен жылу жеткіліксіз болғанда, өсімдіктерде нитраттардың жиналуы артуы мүмкін.
– Нитраттардың жоғары мөлшері көбінесе жапырақты көкөністерде (шпинат, салат, аскөк), редисте, қырыққабатта, қияр мен қызанақта, қызылшада, кәдіде, сондай-ақ бақша дақылдарында (қарбыз бен қауында) кездесуі мүмкін.
Бақша өнімдерінің (қарбыз, қауын) сөрелерде ерте пайда болуы олардың жеделдетілген жағдайда өсірілгенін көрсетуі мүмкін, бұл өз кезегінде нитраттардың жиналу қаупін арттырады. Қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы кезеңі – олардың табиғи пісу мерзімі.
 – Көкөністер мен жемістерді таңдау және пайдалану кезінде ықтимал тәуекелдерді азайту үшін не істеу қажет?
– Өнімнің сыртқы түріне назар аударған дұрыс (тым ірі, табиғи емес ашық түсті, иісінің болмауы өсіру жағдайларының бұзылғанын көрсетуі мүмкін). Өнімнің маусымдылығын ескеру керек, яғни, табиғи пісу кезеңіне неғұрлым жақын болса, нитраттардың артық мөлшерде болуының ықтималдығы соғұрлым төмен.
Өнімді ұйымдастырылған сауда орындарынан (дүкендер, базарлар) сатып алған жөн (мұнда өнімнің қауіпсіздігіне бақылау жүргізіледі). Қажет болған жағдайда өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттарды сұратқан ләзім.
Тұтынар алдында көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет, мүмкіндігінше қабығын, тамыр бөліктерін және сабақтарын алып тастау керек, өйткені осы бөліктерде нитраттар көбірек жиналуы мүмкін;
Кейбір көкөністер үшін (әсіресе тамыржемістер) суда жібіту-қайнату нитрат мөлшерін азайтады.
Қарапайым таңдау және өңдеу ережелерін сақтау денсаулыққа ықтимал қауіптерді айтарлықтай төмендетеді.
Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
басшысы Ш.Айдарова


22 маусым 2026 ж. 74 0