№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада жіті ішек ауруларына ұшырағандардың 87%-ын балалар құрайды

Қызылордада жіті ішек ауруларына ұшырағандардың 87%-ын балалар құрайды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жұқпалы жіті ішек ауруларына ұшырағандардың 87% -ын балалар құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. inform.kz


Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен облыс көлемінде жіті ішек инфекциясының 531 жағдайы тіркелді. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,5 есеге төмен.
Облыс көлемінде тіркелген жұқпалы жіті ішек ауруларының 95%-ы Қызылорда қаласы тұрғындарынан анықталды. Олардың 87% -ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Атап айтқанда, жұқпалы жіті ішек ауруларының ұшыраған дардың 68% -ы 2 жасқа дейінгі балалар үлесіне тиеді.
«Жаз айларында жұқпалы жіті ішек аурулары мерзімінен ерте піскен бақша өнімдері мен жеміс-жидектермен байланыстырады. Эпиданамнез жинау барысында 31 тұрғын мерзімінен ерте піскен жеміс-жидек пен қауын-қарбызды жегеннен кейін өздерін жайсыз сезінген. Әдетте қарбыздар маусым айында сауда сөрелерінде пайда бола бастайды. Бұл уақытта өнімдер анағұрлым қауіпті, яғни нитратпен улану деңгейі жоғары. Бұдан бөлек, гербицид, пестицидтердің мөлшерден тыс болуы да денсаулыққа кері әсер етеді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында маусым айында 21 адам қарбыздан уланған.
19 шілде 2023 ж. 120 0