№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » УАҚЫТ АЙНАСЫНА ҮҢІЛДІК

УАҚЫТ АЙНАСЫНА ҮҢІЛДІК


Бойымызға ұлттық тәрбие мен рухани-мәдени құндылықты сіңірген ұстаздарымыз бен өмір жолында сыйлас, сырла достар туралы жазылған «Уақыт айнасы» кітабы жарық көрген бойда туған елге асықтық.


Кітаптың таныстырылымы өзіміз білім мен тәрбие алған қасиетті мекен – Төменарық ауылында өткізуді жөн көрдік.

Ауылдық клуб үйінде өткен кездесуде кітапты жерлестерімізге ұсындық. Бұл жай ғана рухани кеш емес, өткен күндерге жасалған тағзым, балалық шаққа жасалған саяхат секілді әсер қалдырды.

Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов пен жергілікті басылымның бас редакторы Баян Усейнова, Сүттіқұдық және Төменарық ауылдық округінің басшысы Икрам Азизович пен Бакытжан Аймбетов арнайы қатысып, туындының маңызына тоқталды.

Кездесу барысында ардақты ұстаздарымыз Сәуле Ілиясова, Сәуле Асанбаева, Гүлзинат Омарова, Алтынбай Мұстапаев, Манан Бегеметов, Сәуле Тайланова ізгі лебізін білдіріп, өткен күндердің өнегелі сәтін еске алды.

Ұстаз жүрегінен шыққан әрбір жылы сөз бізді қанаттандырып, еңбегіміздің бағасын арттыра түсті.

Шынында да, уақыт зымырап өте береді екен. Кеше ғана мектеп партасында отырған балалар бүгінде әр салада еңбек етіп жүрген азаматтарға айналды.

Басқосудың жоғары деңгейде өтуіне Мейіржан Нәлібаев, Нұрғали Қарынбаев, Жандос Әшәрбеков, Gulzinat Bekmuratova, Айгерім Жаманқұлова, Мөлдір Тілеубергегова, Анар Әшірбекова, Айнаш Өтебаев және тағы басқасына өз ризашылығымды білдіремін.

«Уақыт айнасында» ұстаздарымыздың өнегелі жолымен қатар, сыныптас құрдастардың арман-мұраты, өмірлік таңдауы, тұлға болып қалыптасу кезеңдері де көрініс тапты.

Сондықтан бұл кітап – бір адамның емес, тұтас буынның естелігі. Ширек ғасыр бұрын бір мектептен түлеп ұшқан достардың сағынышы мен сырын, қуанышы мен толғанысын тоғыстырған ортақ дүние.

Кездесуге келіп, ақ тілегін білдірген барша ағайынға, ұстаздарымызға және құрдастарымызға шынайы алғысымды білдіремін.

Уақыт алыстатқанымен, жүректерді жақындататын құндылық бар. Сол құндылықтың бірі – туған жер, ұстаз тағылымы және достық екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
22 маусым 2026 ж. 35 0