№41 (8955) 2

02 маусым 2026 ж.

№40 (8954) 30

30 мамыр 2026 ж.

№39 (8953) 26

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «КОНСТИТУЦИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ, РӘМІЗДЕР – ЕЛДІК РУХТЫҢ БЕЛГІСІ»

«КОНСТИТУЦИЯ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ, РӘМІЗДЕР – ЕЛДІК РУХТЫҢ БЕЛГІСІ»




4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде ел тәуелсіздігінің тұғырын бекемдейтін Конституция мен Мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны кеңінен талқыланды.
Іс-шараға Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жаннұр Наурызханқызының жетекшілігімен кент, ауылдық округ және дербес бөлімдердің заңгерлері, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Ерікұлы бастаған белсенді жастар қатысты.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» мүшесі Мақпал Қасымханқызы сөз алып, кітапхананың ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне тоқталып, Конституция мен Мемлекеттік рәміздерге арналған кітаптар мен ақпараттық ресурстар туралы насихаттады.
Өз кезегінде Жаннұр Наурызханқызы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызына тоқталып, заң аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен іс-шаралар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ал Наурызбай Ерікұлы жастар арасында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар елдік сана, заңға құрмет және отансүйгіштік құндылықтары төңірегінде пікір алмасып, Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің айғағы, ал Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің берік негізі екендігін атап өтті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры – Конституция, елдігіміздің айшығы – Мемлекеттік рәміздер.

#AMANAT
03 маусым 2026 ж. 17 0