№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жаңа Конституция жобасы аудандық кітапханада талқыланды

Жаңа Конституция жобасы аудандық кітапханада талқыланды


Аумақтық коалиция өкілдері орталық кітапханада мәдениет және өнер салысының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға коалиция өкілдері— Тілеубергенова Әсемгүл Манапқызы мен Орынбасаров Наурызбай Ерікұлы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты — жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен таныстырып, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен бағыт-бағдарын түсіндіру.
Кездесу барысында Әсемгүл Манапқызы конституциялық реформалардың басты басымдықтарына тоқталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.
«Ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл — заман талабына сай жүргізіліп отырған маңызды реформалар», — деді ол.
Өз сөзінде Наурызбай Ерікұлы Парламенттің рөлін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
«Жаңа жоба Парламенттің ықпалын күшейтіп, өңірлердегі өзін-өзі басқару құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Бұл — шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсенді қатысуын арттыруға бағытталған нақты қадам», — деді спикер.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кітапхана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау мен қоғамдық пікір білдіру — әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
16 ақпан 2026 ж. 817 0