№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ӘШЕКЕЙ ӘЛЕМІНДЕГІ АЯУЛЫ ЕҢБЕК

ӘШЕКЕЙ ӘЛЕМІНДЕГІ АЯУЛЫ ЕҢБЕК



Қасиет ЖАМАНҚҰЛОВА, «Алтын Бағым» әшекейлер дүкенінің иесі:
– Төл мамандығым бойынша шәкірт тәрбиелеп келемін. Мен үшін жас ұрпаққа білім беру – жауапкершілігі мол мамандық. Алайда уақыт талабына сай бір ғана салаға байланып қалмай, қосымша кәсіп бастаудың маңызын түсіндім. Оның үстіне ана атанған соң, баламның болашағына инвестиция салуды мақсат еттім. Әр ана баласының ертеңіне алаңдайды ғой. Сол себепті табысы тұрақты,
әрі өзіме қызықты қосымша кәсіп іздедім. Әйел жанына жақын, нәзіктік пен құндылықты қатар ұштастыратын алтын бұйымдар саудасын қолға алдым.
Кәсіптің алғашқы қадамы оңай болмады. Бастапқыда әшекей бұйымдарын таныстарыма ұсынып, тапсырыс қабылдап
жүрдім. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, тұтынушылар сеніміне кіру үшін сапа мен адалдықты басты орынға қойдым.
Аз уақыт ішінде тұрақты клиенттер қалыптасып, шағын кәсібім кеңейіп, орталықтан «Алтын Бағым» атты әшекейлер
дүкенін аштым.
Менің осы салада түйгенім, кәсіпте ең маңыздысы – адалдық. Адамдар сапалы дүниені іздейді. Сондықтан әр бұйымның сапасына мән береміз. Қазір тұрақты тұтынушыларымыз бар. Бір адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Ең бастысы – адал еңбек етіп, мемлекетке салық төлеп
отырмыз. Мұны да елге қосқан үлесіміз деп есептеймін. Менің әшекей әлеміндегі аяулы еңбегім осылай дамып жатыр.

Айшолпан НҰРМАШ
11 маусым 2026 ж. 196 0