» » ТӘУЕКЕЛ – ТАБЫСҚА БАСТАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ТӘУЕКЕЛ – ТАБЫСҚА БАСТАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ


Дана САПАРБЕК,«DS» сұлулық салонының негізін
қалаушы:

– Менің негізгі мамандығым жоғары математика пәнінің мұғалімі болғанымен, жүрек қалауым мені сән әлеміне алып келді. Өйткені бала күнімнен әдемілікке жақын болдым. Өзім ғана емес, айнала әлемге сұлулық сыйлағанды жақсы көретінмін. Осы қызығушылығымды неге кәсіпке айналдырмасқа деген ой келді. Сөйтіп бұрын-соңды жолым түспеген Алматыға жалғыз аттандым. Қаладағы сән салондарының есігін қағып жүріп, шебер іздедім. Бір ай арнайы курста оқып, туған жерде 2015 жылы кішкентай ғана бөлмеде алғашқы шаштаразымды аштым. Кейін тәжірибемді шыңдау үшін Қызылорда қаласында еңбек етіп, кәсіби біліктілігімді арттырдым.
Бүгінде біздің сән салонымызда сұлулық саласына қатысты 15 маман қызмет көрсетеді. Кәсіпте ең бастысы – тәуекелден қорықпау. Алғашқы қадамды жасаған адам кейін өз жолын табады. Қазір офлайн және онлайн форматта шәкірт тәрбиелеп жүрмін. 2024 жылы Қазақстанда
алғашқылардың бірі болып онлайн шаштараз курсын аштым. Ендігі мақсатым – осы саланың жоғары саласын меңгеру.

Айсұлу АЛДАНАЗАР

03 маусым 2026 ж. 45 0