№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сұлулық баспалдағының бапкері

Сұлулық баспалдағының бапкері

Әне-міне дегенше көктем де есік қаққалы тұр. Наурыз нақышымен таласа адамзаттың да құлпыратын мезгілі. Осы сәтте сән салондарының қызметіне жүгінетін қыз-келіншек көп. Қарапайым болғанымен бәсекеге қабілетті кәсіп түрі. Осы орайда жас болса да сүйікті кәсібін өмірлік қызметіне айналдырып жүрген Құралай Орақбаева – ата-анасына жүк артпай өз ісін өрге сүйреп жүрген еңбекқор арудың бірі.
Құралай қыз-келіншектердің шашын қысқарту, мерекелік кештерде сәндеу, бет әрлеу, қас күтімі сынды ең қажетті сұранысқа ие қызмет түрлерін  көрсетеді. Талғампаз сұлулардың талабына сай өз кәсібінің қыр-сырын меңгеруді мақсат етіп қойған ол үнемі жетілдіру курстарынан өтіп тұрады. Бүгінде орталықтағы«Жасмина» сұлулық салоны сүйікті қызмет орнына айналған.
– Ата-анамның қалауы бойынша  9 сыныптан кейін Түркістандағы медициналық колледжге құжат тапсырдым. 1 жыл оқу орнында білім алдым. Жазғы демалыста көңілім ауған қалауыммен кәсіби маман жанында тегін курстан өтіп, шаштараз қыр-сырын үйрене бастадым. Әрі қарай Шымкент, Түркістан қалаларында білікті мамандардан осы кәсіп аясында өз білімімді жетілдірдім. Ақыр соңында медициналық колледждегі оқуымды жылы жауып осы салаға түбегейлі бет бұрдым. Алғашында біраз қарсы болғандар да болды. Алайда бала күнгі қызығушылығым мені бұл жолдан алыстатпады. Екі жылдан асты, осы бағытта жұмыс жасап келемін, – дейді ол.
Қыз баласы қашанда сұлулыққа жаны құмар болатыны жасырын емес. Қиындығы мен қызығы қатар шаштараз маманына сұраныс артпаса кемімейді. Бұл кәсіптің қызығы да сонда  ел әлеуетімен бірге өсіп-өркендейді. Бүгінгідей талап пен талғампаздық артқан заманда оған қадам басқан сайын қажеттілік артады. Кез-келген тұрғын үшін шаштараз орындығы сұлулыққа баспалдақ сынды.
Осыны ұққан кейіпкеріміз соңғы үлгідегі шаш қию мен сәндеу әдістерін үйреніп алған.
– Тұтынушылардың талғамы жоғары. Олардың талабына сай қызмет көрсету менің басты ұстанымым. Талғам жоғарылаған  сайын сұраныс та арта түседі. Мен үшін ең бастысы келген клиент екінші рет басқа салон қызметін алмауы, сондықтанда әрбір келушіге өз талғамына сай қызмет түрін ұсынамын, –  дейді Құралай.   
Оның айтуынша, шаштараз кәсібін үйренгісі келетіндерге икемділік пен уақыт қажет. Кәсіпті меңгеріп кетуі – үйренушінің бейімділігі мен салаға деген қызығушылығына байланысты екен.
                  
Майра ҒАНИЕВА
09 ақпан 2020 ж. 713 0