ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сунақ ата ауылдық клуб үйінде Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Юнусов Азатбек Оразайұлының аул тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Жол картасының орындалу барысы туралы тұрғындарға жан-жақты ақпарат беру және халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.
Кездесу барысында депутат сайлауалды бағдарламада көзделген міндеттердің орындалуы, ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, ауыз су, электр желілері, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Жол картасы аясында жүзеге асқан жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарға тоқталып, олардың орындалу мерзімдері жөнінде мәлімет берді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, елді мекеннің дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, көшелерді абаттандыру, қоғамдық орындардың жай-күйі, жастарға арналған мүмкіндіктер мен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде пікірлер айтылды. Көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылатыны жеткізілді.
Халықпен ашық форматта өткен кездесу тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беруге және атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін таныстыруға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын ескеріп, партияның сайлауалды міндеттемелерінің орындалуын қоғамдық бақылауда ұстауға ықпал етеді.
Халықтың аманаты – басты міндет. Елдің игілігі жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.
#AMANAT




