КӨКТӨБЕДЕ ӨТКЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ

Халықпен ашық диалог – ел дамуының басты кепілі. Осы бағыттағы маңызды кездесулердің бірі Көктөбе ауылдық округінде өтті.Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нуридин Егембердіұлы Амитов пен Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ақмарал Орманәліқызы Маликова ауыл тұрғындарымен кездесіп, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында партияның 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы Жол картаның орындалу барысы кеңінен сөз болды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, жол сапасы, ауызсу мәселесі, жастарды қолдау және елді мекеннің әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар таныстырылды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды. Ашық форматта өткен жиында халық өз пікірін еркін білдіріп, ауылдың дамуына қатысты маңызды ойларымен бөлісті.
Мұндай кездесулер – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Себебі ел мүддесі мен халықтың әл-ауқаты – әрдайым басты назарда.
«AMANAT» партиясының негізгі мақсаты – халық үнін есту, нақты мәселелердің шешілуіне ықпал ету және елмен бірге болу. Көктөбедегі мазмұнды кездесу осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың жалғасы болды.
#AMANAT




