Қазақстандықтар енді телефон соққан ұйымның атауын көре алады
Stan.kzҚазақстанда телефон алаяқтарына қарсы жаңа шаралар енгізіледі. Енді заңды тұлғалардан келетін қоңыраулар арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл абонентке телефон экранынан қай ұйым хабарласып жатқанын бірден білуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар интернетке қол жеткізу және халықаралық IP-телефония қызметтерін көрсету үшін байланыс операторлары арнайы лицензия алуға міндеттеледі.
Жаңа талаптар телефон алаяқтарының әрекетін шектеуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.




