ЕЛ МҮДДЕСІ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Елмен етене байланыс орнатып, ел ішіндегі өзекті мәселелерді назарда ұстау – «AMANAT» партиясының басты қағидаларының бірі. Осы бағыттағы кезекті мазмұнды кездесу Қандөз ауылындағы «Қандөз» бастауыш партия ұйымында өтті.
Кездесуге Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нуридин Егембердіұлы Амитов пен Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ақмарал Орманәліқызы Маликова қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасты.
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы кеңінен талқыланды. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, жол сапасы, ауызсу, жастарды қолдау және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды шешу жолдары сараланды. Ашық форматта өткен кездесуде ауыл халқы өз пікірлерін еркін білдіріп, елді мекеннің дамуына қатысты ойларын ортаға салды.
Мұндай кездесулер – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ел ішіндегі түйткілді мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Себебі халықтың сенімі мен аманаты – ең үлкен жауапкершілік.
«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да елмен бірге болып, тұрғындардың талап-тілегіне сай нақты жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
#AMANAT
#Қандөз
#БастауышПартияҰйымы
#ХалықпенКездесу
#ЖолКартасы




