№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

№29 (8943) 21

21 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАН АКТИВІНДЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АУДАН АКТИВІНДЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ



Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, бірқатар кадрлық өзгерістер мен жаңа тағайындаулар ресми түрде таныстырылды.

Алдымен Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін абыроймен атқарып келген Ибраев Нұрлан Мерғалиұлының Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалуымен құттықтап, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы қажырлы еңбегі үшін ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы»-н табыстап, құрметпен шығарып салды.

Мұнан соң Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметіне жаңадан тағайындалған Аңсатов Асылбай Шудабайұлы таныстырылды. Ол бұған дейін Қазалы аудандық полиция бөлімін басқарып, қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарған тәжірибелі басшы ретінде танылған. Аудан әкімі жаңа басшыға үлкен сенім артылып отырғанын атап өтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін жеткізді және оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімінің өкімімен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы лауазымына Өмірәлиев Дәулет Оразәліұлы тағайындалды. Дәулет Оразәліұлы – жоғары білімді маман, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылдан бастап түрлі қызметтер атқарып, 2020–2025 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, 2025 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Байкен-U» компаниясында құрылысты қадағалау инженері қызметін абыроймен атқарып келген.
Аудан әкімі жаңа бөлім басшысына ауданның сәулеттік келбетін қалыптастыру, құрылыс сапасын арттыру және инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бағытында нақты міндеттер жүктелетінін атап өтті.

Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов пен аудандық сот төрағасы Айдос Жолдыбаев кадрлық өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, жаңадан тағайындалған басшыларға қызметтерінде табыс тіледі.

#Жаңақорған
30 сәуір 2026 ж. 39 0