№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ


Аудан әкімі Мажит Самитов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы қызметін атқарған Нұрбол Есеналиевті жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ел ағалары, мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ қорғаныс саласының қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысы Нұрбол Есеналиевтің қорғаныс саласындағы адал еңбегін, кәсіби біліктілігі мен ұзақ жылдық тәжірибесін ерекше атап өтіп, оған алғысын білдіріп, ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет» грамотасын табыс етті.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов ақжарма тілегін жеткізсе, өз кезегінде Нұрбол Есеналиев әріптестеріне көрсетілген жоғары құрмет үшін ризашылығын білдірді.
23 қараша 2025 ж. 697 0