» » ЖАҢАҚОРҒАНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

ЖАҢАҚОРҒАНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР


Аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар аудан көлемінде орын алған кадрлық өзгерістермен танысты.

25 жылдан астам мәдениет саласында абыройлы еңбек етіп, өңіріміздің рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан айтыскер ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» Сыздықов Әбілқайыр Әбілпаттаұлы өз өтінішіне сәйкес атқарып отырған қызметінен босатылды.

Аудан басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлына мәдениет саласын өркендетуге қосқан зор еңбегі үшін алғысын білдіріп, Жаңақорған ауданының Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар, кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысұлы аудан халқының атынан ақынға ризашылығын жеткізді.

Отырыста сондай-ақ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның Жаңақорған аудандық электр торабының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға Ізбасхан Биғазыұлы Әбілтанов келді.

Ізбасхан Биғазыұлы – 1985 жылы Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылында дүниеге келген. Ол “Болашақ” университетінде тарих, ал “Ақмешіт” гуманитарлық-техникалық институтында электр энергетикасы мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы бастап, энергетика саласында түрлі қызметтерді атқарған. Соңғы жылдары аудандық электр торабының бас инженері және электр энергиясын есепке алу жөніндегі инженер лауазымдарында еңбек етті.

Жиын соңында аудан әкімі Мажит Самитов айтыскер ақын Әбілқайыр Әбілпаттаұлына және жаңа қызметке кіріскен Ізбасхан Биғазыұлына сәттілік тіледі.
29 мамыр 2025 ж. 76 0