КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

Аудандық мәслихат залында кезекті фракция отырысы өтті. Отырысқа мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, фракция жетекшісі Бибасарова Лаура, фракция мүшелері сонымен қатар жауапты бөлім басшылары қатысты.
Фракция отырысында күн тәртібіне 3 мәселе қойылды: 1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы бойынша іске асыру Жол картасының 1-ші жарты жылдықтағы орындалу барысы туралы;
2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының 3. Білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру бөлімінің 3.1. Білім беру сапасын арттыру тармағының орындалуы туралы;
3. Фракция мүшелерінің сайлаушылармен және бастауыш партия ұйымдарымен кездесу кестесін бекіту;
Күн тәртібіндегі мәселелерге орай тиісті бөлім басшылары Алмас Оразбеков пен Нариман Жахудаевтың есептері тыңдалды.
Жалпы Фракция отырысында Жол картаның 2025 жылға орындалуы пысықталып, индикатордың орындалуына жауапты фракция мүшелері мен бөлім басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.




