Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФОРМАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФОРМАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ



Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек пен коалиция мүшелері Өмірсерік Тақырбасов, Арман Мажитов ауыл тұрғындарымен кездесіп, Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.
Кездесуге 50-ге жуық ауыл тұрғыны жиналды. Зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен дәрігерлер Жаңа Конституция жобасының еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетініне тоқталып, әрбір өзгерістің ауыл өміріне тигізетін нақты пайдасын бөлісті. Ауыл тұрғындары жаңа Ата Заңның әрбір нормасы олардың құқықтарын қорғайтынын, мүмкіндіктерін кеңейтетінін түсініп, өз ойларын ортаға салды.
Жаңа Конституцияның басты артықшылығы – әділетті қоғам құру, заң үстемдігін нығайту және әр азаматтың құқығын қорғау. Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі кеңейіп, билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік күшейеді. Бұл өзгерістер ауылдың тыныс-тіршілігіне, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің нығаюына нақты үлес қосады.
Кездесудің соңында Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, әрбір ауыл тұрғынының пікірі – еліміздің тұрақты дамуына қосқан үлесі екенін атап өтті. «Біздің қолдауымыз – әділеттілік пен заң үстемдігін бірге сақтауымыздың белгісі», – деді ол.
Қаратөбе тұрғындары бүгін тек Конституцияны тыңдап қана қоймай, өздерінің болашағына белсенді араласудың үлгісін көрсетті. Әрбір дауыс, әрбір пікір – елді бірге дамытудың, қоғамды әділдікке жетелеудің үлгісі болып отыр.
20 ақпан 2026 ж. 59 0