Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘР АЗАМАТ ҮШІН МҮМКІНДІК

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘР АЗАМАТ ҮШІН МҮМКІНДІК


Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жаңақорған ауданында болып, «Руханият» орталығында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Нуридин Амитов, Бауыржан Сандыбаев және аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, коалиция мүшелері Серхожа Идирисов, Арман Мажитов, Ахметов Аллаберген қатысты. Кездесуде коалиция мүшелері ауылдық жерлерді дамыту, цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесуде жалпыұлттық коалиция мүшесі Жорабек Нұрымбетов Конституция – мемлекеттің іргетасын қалыптастыратын ең маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
– Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат. Жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыру мәселелері кеңінен қамтылған. Сондықтан әрбір азамат бұл тарихи шешімге бей-жай қарамай, 15 наурыз күні референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс. Жаңа Конституциядағы цифрландыру ауыл мен қаланы жақындастырып, тұрғындарға мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді жеңіл әрі қолжетімді етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару институты арқылы әр азамат өз өңіріне белсенді ықпал жасап, маңызды шешімдерді өз қолымен қабылдай алады. Барлық бұл мүмкіндіктер жаңа Ата Заңда ресми түрде бекітілген. – деді ол
Әр кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституцияның қоғам үшін маңызын жан-жақты түсіндіріп, тұрғындардың барлық сұрақтарына нақты жауап берді. Ашық пікір алмасу – халық пен биліктің арасындағы сенімді нығайтып, елдің болашағын бірге жасауға жол ашады. Өйткені мықты мемлекет – азаматтың саналы таңдауы мен еңбегінен тұрады, ал жарқын болашақ – бүгінгі дұрыс шешімдер мен ашық әңгімеден басталады.
Жиын соңында коалиция өкілдері колледж қызметкерлерін ел болашағына бей-жай қарамай, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

#ЖаңаКонституция
#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#15Наурыз
#ХалықпенБірге
10 наурыз 2026 ж. 64 0