Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІЛДІК – АУЫЛДАҒЫ ӘРБІР ҚАДАМДА

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІЛДІК – АУЫЛДАҒЫ ӘРБІР ҚАДАМДА


Елдегі кездесулер – елдің болашағына бей-жай қарамайтын, саналы таңдау жасайтын азаматтардың мүмкіндігін арттыратыны анық. Әрбір ашық диалог – ауыл мен мемлекет арасындағы сенімділіктің кепілі, ал саналы шешімдер – жарқын болашаққа жасалған нақты қадам.
Ақүйік ауылдық округінде аудандық және облыстық коалиция мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға Нуридин Амитов, Ғалымжан Жарқынбек, Бақыт Берділлаев және Аллаберген Ахметов қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының ауыл өміріне әсері жан-жақты талқыланды. Коалиция мүшелері реформаның басты бағыттарын түсіндіріп, тұрғындарға әлеуметтік саясатты күшейту, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, ауылдық жерлердегі жергілікті басқару механизмдерін жетілдіру және азаматтардың шешім қабылдауға белсенді қатысу мүмкіндіктері жайлы мәлімет берді.
– Ата Заң – елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал. Әрбір өзгеріс – ауылдағы әр отбасының өміріне, әр азаматтың құқығы мен мүмкіндігіне бағытталған маңызды қадам, – деді ол.
Тұрғындар өз пікірлерін ашық білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, жаңа Конституция жобасының негізгі тұстары түсіндірілді.
Бұл кездесулер халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, әр азаматтың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді. Әр дауыс – елдің ертеңіне жасалған нақты қадам.

#ЖаңаКонституция
#АуылТұрғындары
#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#АқүйікАуылдықОкругі
10 наурыз 2026 ж. 64 0