Топ-баннер

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ СЕНІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУ СЕНІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

Конституция – мемлекеттің басты заңы ғана емес, әрбір азаматтың өміріндегі бағыт-бағдарын айқындайтын маңызды құжат. Ал сол Конституцияның өмірде қалай іске асатыны, оның қағидаларының шынайы мәні ең алдымен ауылдан көрінеді. Себебі ауыл – елдің тамыры, халықтың тұрмысы мен тынысы тоғысқан негізгі орта.
Бүгінде ауыл тұрғындары Конституциялық өзгерістерге бейжай қарамай, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерге белсенді көзқарас танытып келеді.Осы мақсатта бүгін аудандық коалиция мүшелері Байкенже ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында референдумның мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді.Кездесу тек ресми шара емес, әр адамның ойы мен ұсынысы ескерілетін шынайы диалогқа айналды. Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, мүшелері Серқожа Ыдырысов пен Өмірсерік Тақырбасов жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтарды қарапайым тілмен түсіндіріп, олардың ауыл өміріне, қоғамға және қызметкерлердің күнделікті жұмысына әсерін нақты көрсетті.Аудандық коалиция мүшелерінің ауыл тұрғындарымен кездесуі де осының айқын дәлелі болды. Кездесу барысында Конституцияда көзделген өзгерістердің мәні түсіндіріліп, оның ауыл өміріне тигізер нақты әсері жан-жақты талқыланды. Жаңа Конституциялық нормалар ең алдымен қарапайым азаматтың құқығын қорғауға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және жергілікті жерлердегі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Бұл – ауыл халқы үшін аса маңызды. Себебі жер мәселесі, әлеуметтік қолдау, білім мен медицина сапасы сияқты түйткілдер ауыл өмірімен тікелей байланысты.Ауыл тұрғындарына ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына ықпалы, олардың әр азаматтың өміріне әсері жайлы нақты мысалдар келтірілді.Коалиция өкілдері барша тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Себебі бұл – ел болашағы шешілетін маңызды күн.

#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#15Наурыз





04 наурыз 2026 ж. 55 0