№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » КЕЙДЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

КЕЙДЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ



Бүгін аудандық штаб мүшелері Серік Мұсабай, Пахмаддин Айнақожаев, Наурызбай Орынбасаров Кейден ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мән-маңызына арналды.
Коалиция мүшелері конституциялық реформаның ауыл өміріне тікелей әсер ететін тұстарына тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейту, еңбек адамының құқығын қорғау, ауыл тұрғындарының жергілікті басқару ісіне қатысу тетіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысында спикерлер жаңа Конституция жобасын қолдау елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті.
Ауыл тұрғындары да өз пікірлерін ашық білдіріп, бірқатар сауалдарын қойды. Жиын соңында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.
10 наурыз 2026 ж. 259 0