Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ХАЛЫҚ ҮНІ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ

ХАЛЫҚ ҮНІ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАҒДАРЫ

Жаңа Конституция – мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыратын маңызды қадам. Осы мақсатта, ел өміріндегі маңызды қоғамдық бастамаларды талқылау мақсатында аудандық коалиция өкілдері «Қыраш» ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосу барысында алдағы республикалық референдум аясында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның ел болашағына ықпалы туралы пікір алмасу өтті.
Кездесуге аудандық коалиция мүшелері Мәжит Балқожаев, Темірбек Үсенов, Алма Мамирова, Қалдарбек Тұрабаев қатысып, ауыл тұрғындарымен ашық диалог құрды. Еркін форматта өткен жиында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзгерістерге қатысты көзқарастарын білдірді.
Жиын барысында ұсынылып отырған бастамалардың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, жауапкершілік пен тиімділікті арттыруға бағытталғаны айтылды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайту және ел ішіндегі бірлікті күшейту мәселелері де кеңінен қозғалды.
Кездесу барысында сөз алған Темірбек Үсенов елдің болашағына қатысты маңызды кезеңде әр азаматтың белсенді ұстанымы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың пікірін ескеріп, ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік.
Айшолпан НҰРМАШ


10 наурыз 2026 ж. 582 0