Жаңа Конституция жобасы мәдениет саласы өкілдерімен талқыланды

Қармақшы ауданы аумағындағы Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйі ғимаратында аумақтық коалиция мүшелері мен мәдениет саласының қызметкерлері арасында кездесу өтті. Жиын ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, елдегі саяси реформалар мен Конституциялық өзгерістер мәселелеріне арналды.
Іс-шараға аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов, сондай-ақ коалиция мүшелері Ғалымжан Ақжігітов, Ерболат Ұзақбаев, Дәулет Қанатбай, Алпысбай Серкешбаев және Айдынбек Скендиров қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады.
Әділ Қошалақов өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен мақсатына тоқталды. Ерболат Ұзақбаев Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі туралы пікір білдірді.
Жиын соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында ой бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог алаңы ретінде өтті.




