Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ



15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мақсатындағы референдумға дайындық шеңберінде аудандық коалиция мүшелері «Байкен-U» өндіріс орнының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу тек ресми шара емес, әр адамның ойы мен ұсынысы ескерілетін шынайы диалогқа айналды. Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, мүшелері Серқожа Ыдырысов пен Өмірсерік Тақырбасов жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтарды қарапайым тілмен түсіндіріп, олардың ауыл өміріне, қоғамға және қызметкерлердің күнделікті жұмысына әсерін нақты көрсетті.
Қатысушылар әділеттілік, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелерін талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ел болашағына саналы үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.
Жиын соңында жаңа Конституцияның тек қағаздағы заң емес, әр адамға сенім мен жауапкершілікті сезіндіретін құжат екенін атап өтті. Өзгенттегі бұл кездесу – халық пен билік арасындағы ашық қарым-қатынас пен ортақ сенімнің айқын көрінісі болды.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
02 наурыз 2026 ж. 619 0