Топ-баннер

Соңғы жаңалықтар

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘР АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘР АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ



Ауыл – елдің түпкі тірегі, әр отбасының тыныштығы мен амандығы. Жаңа Конституция әрбір тұрғынға теңдік, әлеуметтік қолдау және әділетті қорғаныс береді. Осы мақсатта аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек және коалиция мүшелері Серқожа Ыдырысов, Өмірсерік Тақырбасов пен Изатулла Үсенов Қожакент ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Ата Заң жобасын жан-жақты түсіндіру және алдағы референдумның маңызын халыққа егжей-тегжейлі жеткізу.
Қожакент ауылында өткен кездесуге 80-ге жуық тұрғын қатысты. Зиялы қауым, ардагерлер, ұстаздар мен дәрігерлер Жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетінін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуде ауыл тұрғындарына жаңа заман талабына сай жаңарып отырған Ата Заңның мазмұны, ондағы басты нормалар кеңінен таныстырылды.
Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек Контитуция жобасындағы түбегейлі жаңа тұстарға тоқталды.
«Жаңа Ата заң жобасы қоғамды ұйыстыратын негізгі бағыт. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік институттардың ашық әрі жауапты жұмыс істеуі басты басымдық ретінде белгіленген. Ел ішіндегі бірлік пен өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық татулық Қазақстанның тұрақты дамуының өзегі ретінде қарастырылған. Мемлекеттік биліктің бастауы халық екені, ел тағдырына қатысты шешімдерде қоғамның рөлі айрықша екені айқын көрсетілген. Бұл үдеріс жай ғана саяси өзгерістердің қорытындысы емес, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басуының нышаны. Алдағы уақытта Конституция жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылып, соңғы шешім бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданбақ. Осылайша әрбір азамат ел болашағын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады» – деді ол.
Конституцияның басты артықшылығы – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және әр азаматтың құқығын қорғауға басымдық беруінде. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі кеңейіп, билік тармақтарының тепе-теңдігі күшейетіні ауыл тұрғындарына жеткізілді. Бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қызмет ететіні баса айтылды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасындағы ауыл үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған цифрландыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін де кеңінен жеткізді.
Кездесу соңында коалиция мүшесі Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, ел болашағы үшін атқарылып жатқан саяси мәні зор бастамаға ауыл халқы қолдау көрсетеді деген сенімін білдірді.

#ЖаңаКонституция
#ӘлеуметтікӘділет
#Референдум2026
#АтаЗаң
26 ақпан 2026 ж. 53 0