ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – БІР АРНАДА

15 наурыз күні еліміздің барлық өңірлерінде жаңа Конституцияны қабылдау мақсатында референдум өткізіледі. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам болғандықтан Ата заңымызға енгізілетін өзгерістерді халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде коалиция мүшелері кұрылып, олар өз жұмыстарын бастап кетті.
Осы мақсатта, аудандық коалиция мүшелері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бір үстел басында жиналып, елдің келешегі жайлы ашық пікір алмасты. Бұл кездесу тек ресми шара емес, әр адамның ойы мен ұсынысы ескерілетін шынайы диалог болды.
Жиында аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, Ыдырысов Серқожа, Тақырбасов Өмірсерік, Айнақожаев Пахмадин Жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтар қарапайым тілмен түсіндіріліп, олардың ауыл өміріне, қоғамға және мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті жұмысында қандай рөл атқаратыны нақты көрсетілді. Қызметкерлердің әр пікірі елдің болашағына әсер ететінін, сенім мен жауапкершілік олардың ісінде көрінетінін қатысушылар ерекше атап өтті.
Ашық әңгімеде ауыл мен қоғамдағы әділеттілік, азаматтардың құқықтары, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру сияқты мәселелер талқыланды. Барлық қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, ел болашағына саналы үлес қосуға дайын екендерін білдірді.
Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституцияның тек қағаздағы заң емес, әр адамға жауапкершілік пен сенімді сезіндіретін құжат екенін атап өтті. Өзгенттегі бұл кездесу – халық пен билік арасындағы ашық қарым-қатынас пен ортақ сенімнің нақты көрінісі болды.
#референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#ХалықПікірі
#Өзгент




