Топ-баннер

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАҢА КОНСТИТИЦИЯ – ӘРБІР АЗАМАТҚА БАҒДАР

ЖАҢА КОНСТИТИЦИЯ – ӘРБІР АЗАМАТҚА БАҒДАР


Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын қолдау мақсатында аудандық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында аудандық емханада кездесу өткізді. Бұл құжат – тек қағаздағы заң емес. Ол әділеттілікті бекітіп, азаматтардың құқықтарын қорғайтын, мемлекеттің адамға бағытталған стратегиялық бағытын нақты көрсететін маңызды негіз.
Кездесу ашық форматта өтті: қатысушылар өз ойларын ортаға салып, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауға дайын екендіктерін көрсетті. Жаңа Конституциядағы басты жаңартулар таныстырылды: құқықтар мен бостандықтарды қорғау, заң үстемдігін нығайту, құқық қорғау органдары мен жергілікті билік арасындағы тиімді ынтымақтастық, мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру. Қатысушылар бұл реформалардың қоғамның барлық саласына оң әсерін тигізетініне ерекше тоқталды.
Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек пен Серқожа Ыдырысов, сондай-ақ Аллаберген Ахметов, Темірбек Үсенов, Наурызбай Орынбасаров Конституцияның жаңартылған жобасының мемлекеттің азаматқа бағдарланған сипатын күшейтетінін, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Әр пікір, әр сұрақ – қоғамның тұрақты дамуына қосылған үлес болды. Жаңа Конституция әрбірімізге сенім мен жауапкершілікті ұғындыруға арналған қадам.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
23 ақпан 2026 ж. 67 0