Жаңа Конституция: Халық пен билік арасындағы сенім

Елдің тұрақтылығы мен сенімділігі – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби ұстанымы мен адалдығында көрініс табады. Бүгін аудандық коалиция төрағасы Ғалымжан Жарқынбек пен мүшелері мемлекеттік қызметкерлермен маңызды кездесуді өткізді. Бұл тек ресми шара емес, ел болашағы үшін қызмет етіп жүрген әр азаматпен ашық пікір алмасуға арналған маңызды алаң болды.
Кездесуге қатысқан Пахмадин Айнақожаев, Асылжан Жолдасбеков және Нұрмұхасан Әуезхан Жаңа Конституциядағы өзгерістердің мәнін түсіндіріп, әр қызметкердің пікірі мен дауысы елдің болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Аудандық коалиция төрағасы Ғалымжан Жарқынбек сөзінде:
«Жаңа Конституция – халық талабына берілген нақты жауап. Бүгін әлем қарқынды өзгеріс кезеңінде, технологиялар жылдам дамуда. Осы заманауи үдерістерге сай мемлекетіміз жаңғыруы тиіс. Жаңа Конституция мемлекеттік қызмет саласына да серпін беріп, елдің тұрақты дамуына, ауыл мен қала тіршілігінің әділетті болуына жол ашады», – деді ол.
Кездесу барысында ұсынылған бастамалар мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті ісінде, ауыл мен қоғамға көрсететін ықпалында көрініс табатыны айтылды. Жаңа Конституция тек қағаздағы заң емес, әр қызметкердің жауапкершілігін күшейтетін, қоғамдағы әділеттілікті нығайтатын құжат екенін түсіндірді.
Қызметкерлер өз сұрақтары мен ұсыныстарын ашық ортаға салып, ой бөлісті. Бұл диалог әр адамның пікірі ескерілетінін, сенім мен жауапкершіліктің олардың ісінде көрінетінін сездірді.
Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумға саналы түрде қатысуға, елдің ертеңі үшін жауапты таңдау жасауға дайын екендіктерін білдірді. Өйткені қоғамның тұрақтылығы мен елдің болашағы – мемлекеттік қызметкерлердің бүгінгі әрекеті мен ұстанымынан басталатыны айқын.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз




