ЖАСТАР САНАЛЫ ТАҢДАУ ҮШІН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қоғамдық-саяси өмірде жаңа кезең басталды. Ел болашағына бағытталған шешімдер жастардың қатысуынсыз толық болмайды. «Руханият» орталығында аудандық коалиция мүшелер – Серхожа Ыдырысов, Баян Үсейінова, Әсем Манапқызы және Асылжан Жолдасбеков – Конституциядағы жаңашыл реформалар мен жастар мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен жаңашылдықтарын талқылады. Жаңа заңнамалық өзгерістердің жастардың күнделікті өміріне, оқу, еңбек және әлеуметтік құқықтарына қалай әсер ететіні нақты мысалдармен түсіндірілді.
Коалиция өкілдері – жастардың пікірі маңызды екенін атап, олардың белсенділігі мен қатысуы қоғамдағы құқықтық мәдениетті күшейтетінін жеткізді. Жастар өз ойларын ашық ортада бөлісіп, көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап алды.
Бұл кездесулер жастарға саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, өз дауысының маңызды екенін түсінуге және алдағы республикалық референдумда жауапкершілікпен шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
#референдум
#референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#Аққорған




