№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ



Қызылорда қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалиция өкілдері энергетика саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында өткен басқосуға коалиция мүшелері Гүлшат Мұсаева, Дәурен Сейтжанов, Талғат Мақаш және Жанар Бимұратова қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын таныстырып, ұсынылған өзгерістердің бағыт-бағдарын түсіндіру.

Коалиция өкілі Гүлшат Мұсаева Конституциялық реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталды.

«Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нақтылау көзделіп отыр», – деді ол.

Өз кезегінде Талғат Мақаш Парламенттің рөлін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселесіне назар аударды.

«Жоба аясында Парламенттің ықпалын күшейту, өңірлердегі өзін-өзі басқару құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған. Бұл – шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын арттыруға бағытталған қадамдардың бірі», – деді спикер.

Дәурен Сейтжанов адам құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты өзгерістерге тоқталды.

«Жаңа редакцияда адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нақтылау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және ашықтық қағидаттарын орнықтыру мәселелері көрініс тапқан», – деді ол.
Ал Жанар Бимұратова конституциялық өзгерістердің ықтимал әлеуметтік-экономикалық әсеріне тоқталды.

«Ұсынылған түзетулер ұзақ мерзімді даму стратегияларын іске асыруға құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Бұл өзгерістердің тиімділігі қоғамның белсенді талқылауына да байланысты», – деп атап өтті ол.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Компания қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Олар жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіну және қоғамдық талқылауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі екеніне назар аударды.
16 ақпан 2026 ж. 66 0