БІР СУРЕТТІҢ ТАРИХЫ музейлік жобасы

Жаңақорған аудандық музейінің "TikTok" желісіндегі ОҚЫРМАНДАРДЫҢ СҰРАУЫ БОЙЫНША, Бегайдар Аралбаевтың өмір тарихына қатысты фотоматериалдарға қайта ораламыз.
Фотосуретте Ақмешіт уездік атқару комитетінің жауапты қызметкері Жорабек Есенов келіні Раушан, қызы Сайыпжамал және інісі Бабабектің қызы Аяшпен бірге. Ташкент қаласы.1924 жыл.
Суреттегі Сайыпжамал Бегайдар Аралбаевтың жары, Жорабек Есенов - қайын атасы.
Енді, Жорабек Есенов кім, қандай еңбегімен ел есінде қалды?! Жорабек Есеновтің де есімі ел есінде. 16 қыркүйек 1918 жылы Перовск Совдепінің мәжілісі өтеді. Мәжіліске Гержот, орынбасарлары Лобачев, Лукьянов, Тәжібеков, хатшысы Мареевтермен, коса 14 мүшесі түгел қатысады. Дворцовтың орнына Перовск уездік милициясының бастығы болып Жорабек Есенов тағайындалады. 1919 жылдың көктемінде Жорабек Есенов Совдеп төрағасы жүргізген жазалау шараларымен жауапқа тартылады. Кіші жүздің игі жақсылары Жорабектен құн даулайды. Дауға уездегі он екі болыс Орта жүздің игі жақсыларын бастап Жантөре Аралбайұлы барады. Бұл, жаңа үкіметтің қылмысына билер сотының төрелік жасауы, бұндай даудың билер талқысына салынуының соңы шығар. Билер соты халыктың өкілі ретінде Жорабектің кінәсіздігін дәлелдейді. Кінәлі Кеңес үкіметі. Құн даулаушы Пірмұхамед Асканов Жорабектің қолын алып билер шешіміне риза болып тарасады. [1]
Әзіретәлі Маханұлы. Б.Ж.Аралбаев.Алматы.1996 жыл
P/S Сурет ЖИ арқылы өңделген




