Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ермұрат Бапи: «Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады»

Ермұрат Бапи: «Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады»

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазір мемлекеттілікті, Тәуелсіздікті, елдікті қауіпсіздендіру қам-қарекетін жасау бәрінен де маңызды екенін, сондықтан Президент ұлттық деңгейдегі саяси трансформация жасау реформасын ұсынғанын мәлімдеді.
«Мен бұл бастаманы толық және сөзсіз қолдаймын. Қоғамда билікті күшейту әрекеті жасалып жатыр деген жекелеген пікір бар. Жоқ! Бұл күшейтудің мәнін біз билікті күшейту арқылы Тәуелсіздікті, ұлттық мемлекетіміздің қауіпсіздігін күшейтіп жатырмыз деп түсіну керек. Әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Қазақстан осы өзгерістер әлемінде өз Тәуелсіздігін берік ете отырып, жаңа тәуекелдерге дайын болуы керек. Қазіргі геосаяси гәу-гәу асқынып бара жатқан әлемде біздің елдің мемлекеттік билігі бұрынғыдан да монолитті және біртұтас болуы керек. Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады», – деді депутат.

08 ақпан 2026 ж. 1 097 0