№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Жүгенсіздікке жол берілмейді». Президент діни ұйымдардың қызметін реттеуді тапсырды

«Жүгенсіздікке жол берілмейді». Президент діни ұйымдардың қызметін реттеуді тапсырды

Фото: АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде жат ағымдарға қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірген. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Мемлекет басшысы осы орайда теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екенін тілге тиек етті.

Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуы тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, - деді Тоқаев.
14 наурыз 2025 ж. 298 0