Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қысқы мезгілдегі судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қысқы мезгілдегі судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді



Қысқы кезеңде су айдындарындағы және мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында аудан аумағында бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Аудан әкімдігі, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, «AMANAT» партиясы партиялық бақылау комиссиясы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бірлесуімен өткізілді.

Рейд барысында балықшыларға қыс мезгілінде мұз үстінде қауіпсіз қозғалу, мұздың қалыңдығын тексеру, құтқару құралдарын пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аталған рейдтік іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және қысқы кезеңде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
26 қаңтар 2026 ж. 109 0