№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҰЛ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ

ҰЛ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ ТӘРБИЕСІ



«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы ұл тәрбиесінің маңызын арттыру, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру, сондай-ақ әке мен отбасының тәрбие үдерісіндегі жауапкершілігін күшейту.

Кездесу барысында қатысушылар ұл бала тәрбиесінің қоғамдағы рөлі, ұлттық болмысты сақтау, салт-дәстүр мен өнегені ұрпақ санасына жеткізу мәселелері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, бүгінгі заман талабына сай ұл тәрбиесіндегі өзекті түйткілдер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Ұл тәрбиесі – тек бір отбасының емес, тұтас ұлттың болашағына әсер ететін маңызды мәселе. Себебі саналы, білімді, жауапкершілігі жоғары ұл – елдің тірегі, мемлекеттің берік негізі. Осындай тағылымды кездесулер қоғамда отбасы құндылықтарын нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал етеді.
22 қаңтар 2026 ж. 231 0