№5 (8919) 21

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (8918) 17

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Заманауи мектептегі тиімді білім беру –заман талабы

Заманауи мектептегі тиімді білім беру –заман талабы


«Мектептегі тиімді білім беру: тәлімгерлік, технологиялар және тең мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда  Т.Әбдірашев атындағы №239 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Ардақ Махмут өз баяндамасымен сөз сөйледі.
Баяндама барысында Ардақ Махмут мектептегі орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын заманауи педагогикалық технологиялар, тәлімгерлік жүйесі және оқушыларға тең мүмкіндік беру тәсілдері туралы тәжірибесін бөлісті. Ол өз баяндамасында оқушылардың тілдік дағдысын, коммуникативтік мәдениетін дамытудағы тиімді әдістерді, шығармашылық тапсырмалар мен интерактивті әдістерді пайдалану тәжірибесін нақты мысалдар арқылы көрсетті.
Ардақ Махмуттың пікірі бойынша, заманауи мектептегі тиімді білім беру – тек жаңа технологияларды енгізу ғана емес, сонымен қатар оқушының жеке қабілетін ашуға, оның ой-өрісін кеңейтуге және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған педагогикалық тәжірибе. Баяндаманың маңызды бөлігі – әр оқушыға тең мүмкіндік беруді қамтамасыз ету жолындағы әдістер мен ұсыныстар болды.
Конференция қатысушылары Ардақ Махмуттың тәжірибесін жоғары бағалап, оны мектеп практикасына енгізудің тиімділігін атап өтті. Бұл баяндама мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың сапасын арттыруға бағытталған маңызды үлес ретінде есте қалды.
03 қаңтар 2026 ж. 10 0