Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан Үндістан мен БАӘ-ге ешкі етін экспорттауы мүмкін

Қазақстан Үндістан мен БАӘ-ге ешкі етін экспорттауы мүмкін


Фото: egemen.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Lulu Kazakhstan компаниясының бас директоры Мохидин Хусейн Файсалмен және IGateway Ltd компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Гунасилан Айотхи Даниэлмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістанға экспорттау мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шетелдік тарап халықаралық ветеринариялық-санитариялық және сапа талаптарына сәйкес келетін ешкі етін, сондай-ақ басқа да халал ет өнімдерін импорттауға қызығушылық білдірді. Үндістанның тұтыну нарығының қарқынды өсуі отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады», - деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министр елімізде мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. Егер ветеринариялық талаптар толық сақталып, өнім тұрақты түрде жеткізілсе, Қазақстан ет экспортын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Айта кетері, LuLu Group International бөлшек саудамен, импорт және экспортпен айналысады, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістанда ет өңдеу зауыттарын басқарады.
16 қаңтар 2026 ж. 1 596 0