Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ресей Қазақстанға 80 мың тонна қант жеткізбек

Ресей Қазақстанға 80 мың тонна қант жеткізбек

Фото: belok.ua
Биыл елімізде қант тапшылығы болмайды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Қазақстанға жылына 550 мың тонна қант қажеттігін мәлімдеді.
«Бүгінде бізде 90 мың тонна қант бар. Сондай-ақ біздің алатын 120 мың тонналық квотамыз бар. Одан бөлек, ел аумағына бажсыз кіргізілетін қант көлемі – 300 мың тонна. Сондықтан қант жетеді деп айтуға болады. Мен жуырда қосымша 80 мың тонна жеткізу туралы Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрімен сөйлестім. Кім біледі, ертең жағдай күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан бәріне дайын болуымыз керек. Қант жағы 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын», - деді министр.
10 мамыр 2024 ж. 260 0