Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Орамжапырақты экспорттау қиындық туғызды. Неге?

Орамжапырақты экспорттау қиындық туғызды. Неге?

Елде ішкі сұранысты өтеу ету үшін орамжапырақтың экспортына тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".

Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға рұқсат бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров хабарлады. Жалпы біздің бұл өнімді одақтас елдердің арасында ең көп тұтынатыны Ресей екен. Өткен екі күнде шаруалардан орамжапырақты экспорттауға байланысты 105 өтініш түскен екен. Жалпы диқандарға сырт нарыққа жалпы көлемі 1702 тонна өнім шығаруға рұқсат берілген. Алдағы күндері Ауыл шаруашылығы министрлігі ұн мен бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін.
Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
– Біз кеше сәуір айының квотасын белгіледік. Бидайға 200 мың тонна, 70 мың тонна ұн. Мамыр айын алдағы уақытта қарастыратын боламыз. Жалпы жоспар бойынша ұлғайтуды көздеп отырмыз. Осылайша айына орташа есеппен 300-350 мың тонна болады деп болжануда.

09 сәуір 2020 ж. 813 0