№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бақыттың төресі – бауырды қуанту

Бақыттың төресі – бауырды қуанту


«Жаңақорған шижайы» АҚ басшылығы жаңа жыл қарсаңында осы мекемеден зейнетке шыққан ардагерлердің отбасында болып, жанұяда дімкәстеу балақандарды өсіріп-тәрбиелеп жатқан ата-аналарға қолдау білдіріп, тарту-таралғы табыс ететін дағдысынан биыл да жаңылмады. Бұл жолы біз де осы топтың құрамында бірге жүріп, бауырды қуантудың шынайы бақытына куә болғанымызды айтқымыз келеді. Алдымен санаторияда қырық жыл еңбек еткен Әміркүл апаның үйіне бұрылып, арнайы балабақшада тәрбиеленіп жатқан немерелері Арунаға әкелген сыйлығын тарту еткен азаматтарымыз келесі кезекте Маржанкүл апаның немересі Шоқан Дінмұхаммедұлының көңілін шаттыққа кенелтті.


Былтыр бұл отбасыларға санатория басшылығы велосипед тарту еткен екен. Дамып-жетілуі сәл кешеу­ілдеген сәбидің соған отыруға талпынып, аяққа тұрып кеткендігін де жасырмады үй іші. Келесі соққан шаңырақ – Бибайша әженің отбасында немерелері Нұрисламнан бөлек егіз сәбилер өсіп келеді екен. Кішкентай құлыншақ бүгін ғана емнен келіпті. Санатория басшысының кадр жөніндегі орынбасары Аманжол Исатайұлы және бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Бағлан Бақытжанұлы бөбектерге әкелген сыйлықтарын табыстап, ақ тілектерін жеткізді. Одан әрі Архабаевтардың отбасына соғып, Бибінұр мен Ахмедиярды, Әділбекұлы Салауат пен Нұрлыбекті қуантты. Келесі отбасының ата-анасы бірдей жұмыста, бірақ үйде арнайылап іздеп барған Алиханның өзі бар екен. Аспаннан әдемі ойыншықтар жауғандай балақан мәз болып қалды.
Қазақтың Жаңа жылы – Наурыз деп жатамыз. Әйтсе де биылғы күнтізбенің соңғы бетін жабар бұл күні жаңа күннің ақ парағы ашылары рас. Сол күндерде аман жүрейік. Әрі десе биылғы жаңа жыл ережеп айымен тұспа-тұс келіп тұр. «Ережеп айында істелген әрбір жақсы амал жүз еселенеді» деген бар. Жанарларға нұр, жүректерге шаттық сыйлаған қайырлы істерге куә болып, көңіліміз толып, жақсылықтарыңыз есе-есе болып қайтсын деген игі тілекпен қайттық.

Баян ҮСЕЙІНОВА
31 желтоқсан 2025 ж. 1 531 0