№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік көкжиегі – ерік-жігердің көрінісі

Кәсіпкерлік көкжиегі – ерік-жігердің көрінісі


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек. Бұл үдерісте үлкен рөл «Нұр Отан» партиясына тиесілі болмақ. Партия қоғам өміріне белсенді атсалысатын лайықты азаматтар үшін «әлеуметтік көтергіш» рөлін атқаруы керек» деген болатын. Бұл талап ел ішінде түрлі кәсіппен айналысқысы келетін ынталы азаматтарға да қатысты.
Осы орайда аймағымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша кәсіпкерлік саласына шағын несие беру, шағын бизнес субъектілерін қолдау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтпекпіз.
Соңғы кездері түрлі кәсіп көздерін ашып, жұмысын өрістетуге ықыласты азаматтар қатары артып келеді. Солардың бірі Жаңақорған кенті тұрғыны Елшиев Данияр былай дейді: Мен өзім 2-3 жылдан бері жиһаз жасаумен айналысып келе жатырмын, дегенмен кәсіп көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтып, «Бастау – бизнес» жобасы арқылы қаржы алуды ойға алған едім. Бұл үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандағы өкілдігінен кеңес алып, курсқа оқуға жазылдым. Осы жерде бір ай оқып, сертификат алдым. Әзірге 500 мың теңге алып отырмын. Бұл менің сертификатыма және бизнес-жоспарыма сәйкес берілген қаржы. Әзірге осы бағытта іске кірісіп кеттім. Кәсіптің табысы мен көлеміне қарай үкіметтік қолдау аясы да кеңейе береді деп түсіндірді бізге, – десе, жаңарықтық К.Әметов: «Біз отбасымызбен мал шаруашылығын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Оған 4 млн-дай қаржы алуға мүмкіндік беріледі. Қазір осы бағытта кәсіби сауаттылыққа бейімделіп келеміз. Кәсіпкер – бәрінен бұрын тұлға, сондықтан адами құндылықтарға қол арту, ой-өрісті дамыту, жан-жақты даму тұрғысында талап қоя білетін жетекшіміздің әр сабағынан алуан ой түйіп қайтамыз» дейді.
Ия, кәсіпкерлікті өзіне де, өзгеге де табыс әкелетін тетікке айналдырудың класссикалық негізі бұрыннан бар. Осы қағиданы заман талабына сай өрістетуде еңбек адамының ерік-жігері бәрінен маңызды.
Кәсіппен айналысу жас талғамайды. Бірақ жағдай жасауды қажет етеді. Мұндай жандарды мемлекеттік қолдаудан қағажу қалдыру азаматтығымызға да сын болмақ. Осы бағытта көп ізденіп, талаптанып жүрген кәсіпкер Убайдуллаева Баян апамыз былай дейді:
– Менің тігін цехын ашып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келе жатқаныма бірнеше жыл болды. Мен осы кәсіптің қабатында сыртқы киімдерді химиялық тазалаудан өткізуге ұмтылыс жасап, өзімше әрекеттеніп келемін. Ауданда мұндай химиялық тазалау орны жоқ. Қымбат бағаға алған пальтосын, плащ, костюмін кірлегеннен соң лақтырып тастай салу тиімсіз. Бұл қызметке зәрулік ауыл жағдайында өте жоғары. Сондықтан барынша тырысып келемін. Бірақ кәсіп сапасын технологиялық жағынан көтеру үшін біріншіден жаңа аппарат алуым керек. Кептіргіш, үтік мәселесі келесі кезекте қажетті орынға шығып тұр. Осыған 3 млн теңге қаражат сұрап, 2016 жылдан бері қарекет етіп келемін. Екі жыл бұоын “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстағы басшысы ауданға келгенінде арызымды тыңдап, жергілікті басшылыққа дайындап кетіп еді. Бизнес-жоспарымды қолыма ұстап әлі есік жағалап келемін. Жақында аудан әкімі Ғалым Әміреевтің қаперіне салғанымда ол кісі ауданда тың кәсіпке соқпақ салғанымды жоғары бағалап, құжаттарымды облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына табыс етіпті. Ол кісінің кәсіпкерлікті қатты қолдайтынына жанымыз сүйсінеді. Бірақ керітартпалық та аз емес. «Сіз өзіңіз қаражат жинап, құрал-жабдық алмайсыз ба дегенді де естіп қаламын Жалға төлейтін ақысы, қызметіне жұмсалатын шығын бар, мен қай кезде қомақты қаржы жинап үлгіремін? Ал мына үкіметтің кәсіпкерлерге қолдау бағытында қамқорлығына қол жеткізе алсам ойдағыдай жұмыс жасар едім. Кәсіпсіз қарап отырған қолы қысқа азаматтарды жұмыспен қамтып, қалың елдің күнкөрісіне де көлеңкем түсер еді деп талаптанып отырмын, – дейді әлі де үмітін үзгісі келмеген кәсіпкер ана. Біз бұл кісінің тігіншілік кәсібімен қоса жоқтан бар жасап, елдің сыртқы киімін тазалап беруде табанды тірліктері жөнінде екі жыл бұрын төл газетімізде мақала да жазған екенбіз. Сондықтан жай-жағдайын білмек болып арнайы бас сұққанымызда естіген жаңалығымыз осы болды. Бұл істің қалай тиянақ табары таяу күндері белгілі болмақ. Сол кезде өздеріңізбен тағы бөлісетін боламыз.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
15 маусым 2018 ж. 1 001 0