№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Бар жақсылық – балаларға!

Бар жақсылық – балаларға!


Биылғы жаңажылдық Президент шыршасы аудан орталығындағы №293 келешек орта мектебінде өтті. Шыршаға аудан мектептеріндегі озат оқушылар, дарынды балалар мен түрлі байқауларда топ жарған 100-ге жуық білімгер бас қосып, мереке көркін қыздырды.

Жаңа 2026 жылға мұнан да үлкен жетістік­терге үміттерін үкілеген жеткіншектерімізді мереке­мен арнайы құттықтаған аудан әкімі Мажит Самитұлының лебізі төмендегіше өрілді.
– Қымбатты балалар, қадірменді ұстаз­дар, аяулы ата-аналар! Баршаңызды Жаңа жыл мереке­леріңізбен шын жүректен құт­тықтаймын! Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан әрбіріңнің жақсы рқып, өнегелі азамат болуға ұмтылуларың маңызды. Өздеріңе Президентіміздің және аймағымыздың басшысының сәлемін жеткізе отырып, мұнан да зор табыстарға жетулеріңе тілектеспін.
Мемлекет білімді болашақ үшін ерекше қамқорлық жасап келеді. Президентіміздің бас­тамасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағларламасының қабылдануы, «Келешек мек­тептері» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы, «Білімді қолдау», «Қазақстан халқына» қоры­ның құрылуы ауыл мектептерінің жағдайын бәсекеге қабілетті заманауи деңгейге көтерді. Енді тек оқу керек, сонымен қатар өнерден де құралақан қалмай, жан-жақты жетілу, спорттық үйірме­лерге жазылып, өз-өзіңе сенімді тұлға болып қалыптасу – бұл да өркениетті қоғамның өміршең қағидасы. Әрбіріңнің осы биіктен танылуларыңа тілектеспін! – деп шәкірттерге тілегін жолдауы олардың ата-анасынан бір де кем емес жанашыр ұстаздарына екі есе жауапкершілік жүктегендей. Балақандарға сыйлықтар үлестірілді.
Жаңа жыл мерекесі шыршаны айнала ән айтып, би билеген жауқазындардың шаттық мерекесіне ұласты.

Баян ҮСЕЙІНОВА
27 желтоқсан 2025 ж. 1 109 0