Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ


Бүгін №289 орта мектебінде аудан әкімінің балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы өтті.

Аудандық шыршаға республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары, ерекше көмекті қажет ететін оқушылар және аудан мектептерінен жиналған 100-ге жуық балалар қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мажит Самитов бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға мерекелік сыйлықтар табыс етті.

Мерекелік бағдарлама аясында Аяз ата мен Ақшақар, ертегілер елінен келген кейіпкерлер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән мен биден шашу шашылды.

Шараға аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов, ел ағалары Пахмаддин Айнақожаев, Ізатулла Нәрзілдаев қатысты.
27 желтоқсан 2024 ж. 357 0