№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жанашыр болмыс иесі

Жанашыр болмыс иесі


Табиғи газ – бүгінгі тұрмыстың ажырамас бөлігі. Алайда, газбен байланысты кез келген салғырттық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осындай қауіптің алдын алып, әр шаңырақтың амандығы үшін ерен жауапкершілікпен еңбек етіп келе жатқан газ саласының тәжірибелі маманы Роза Қалиллақызының есімін айрықша атауымыздың жөні жоқ емес.


Ол ең алдымен жауапкершілікті бірінші орынға қоятын білікті басшы. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Жаңақорған ауданында РЦКУ-Қызылорда ЖШС-і құрамында абоненттік участокте менеджер қызметін атқарып, газ саласындағы еңбек жолын бастады. Осы жылдар ішінде тұтынушылармен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, газ қауіпсіздігі мәселесін терең меңгерген маман ретінде қалыптасты.
Роза Қалилақызы 2022 жылдан бастап тұтынушыларға газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мақсатында құрылған «Газ Азия Сервис» ЖШС-нің Жаңақорған ауданындағы бөлімшесін басқарып келеді. Бүгінде бұл бөлімше аудан тұрғындары үшін сенімді әрі жауапты қызмет көрсететін мекемеге айналды.
Жетi жылға жуық уақыт ішінде «Газ Азия Сервис» ЖШС-і 4 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсеткен. Бұл – жай ғана статистика емес. Бұл – мыңдаған отбасының «көгілдір отынмен» қамтылып, жайлы тұрмысқа көшуі. Осы кезеңнің бәрінде газ мамандары техника қауіпсіздігін басты назарда ұстап, сапалы нәтижені естен шығармай келеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығы берілген рұқсатнамаға сүйене отырып, 2022 жылдан бастап мекеме Жаңақорған ауданында ресми бөлімше ашып, барлық қызметін заң талаптарына сай жүргізіп отыр. Роза Спатаева үшін заң мен тәртіп – жұмыс барысындағы басты қағида.
Роза Спатаева басшылық ететін бөлімшеде білікті мамандар – Аманұлы Иман, Алихан Спатаев, Любовь Насирова, т.б. техникалық қызметкерлер бір мақсатқа жұмылған, тиянақты қызметімен көпке үлгі.
Мұндағы жұмыс нағыз командалық еңбекке негізделген. Бір қызметкер абоненттерден өтінім қабылдап, құжаттарды рәсімдесе, қалған мамандар тұрғындармен тығыз байланыста, келісімшарт негізінде сыртта жұмыс жүргізеді. Ең басты қағида – келісімшартсыз бірде-бір тұрғынның газ жабдығына қызмет көрсетуге болмайды. Бұл – Роза Спатаева талап ететін қауіпсіздіктің бұлжымас ережесі.
Газдың қауіпті екенін көпшілік біледі. Оны күнделікті өмірде пайдалануда қырағылықты ұмытуға болмайды. Бейқамдық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Роза Қалиллақызы бастаған мамандардың басты міндеті – газ желілеріне қосу кезінде әр тұтынушыны тұрмыстық газды пайдалану ережелерімен жан-жақты таныстыру, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіру.
Өкінішке орай, барлық абоненттер қауіпсіздік талаптарына бірдей жауапкершілікпен қарай бермейді. Газ аспаптарын өз бетінше орнату, жөндеу, орын ауыстыру, жарығы бар пештерді пайдалану – орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Соңғы жылдары Қыраш, Бірлік, Құттықожа, Шалқия, Жайылма, Кейден ауылдық округтеріне табиғи газдың келуі – тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Сонымен бірге жауапкершілік те арта түсті. Бөлімше жұмысы күрделеніп, мамандардың жүктемесі артты.
Роза Спатаева басқаратын ұжым үшін әр абонент – жай тұтынушы емес, оның артында аманатын арқалаған адам тағдыры тұр. Сондықтан олар әр іске мұқият қарап, бірде-бір қауіпсіздік талабын назардан тыс қалдырмайды.
Көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды салада абыроймен қызмет етіп жүрген Роза Спатаева мен ұжымының еңбегіне тек сәттілік тілейміз.

Әсел РЗАЕВА
02 қаңтар 2026 ж. 659 0