Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ақын Ерсұлтан Мұстафаевтың шығармашылық кеші өтті

Ақын Ерсұлтан Мұстафаевтың шығармашылық кеші өтті


Бүгін Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ақын, қаламы қарымды, жүрегінен жыр төгілген, тілдің мәйегін тербеткен Ерсұлтан Мұстафаевтың шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті. Жырсүйер қауым ақынның жаңа өлеңдерін тыңдап, рухани кештен ерекше әсер алды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы сөз сөйлеп, ақынның ауданның әдеби-мәдени дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімінің Алғыс хатын және арнайы сый-сыяпатын табыстап, шығармашылық жолына жаңа табыстар тіледі.
Ерсұлтан Мұстафаевтың поэзиясы - елдің рухани байлығы, жастарға өнеге, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің айқын үлгісі.
Кешке қатысқан барша жыр сүйер қауымға әсем әннен алқа тағылып, ақынның жүрек тербетер өлеңдері оқылды.
15 желтоқсан 2025 ж. 1 466 0