№95 (8909) 13

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (8908) 9

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Заң мен Тәртіп» – мемлекеттік құрылымның жауапкершілігін, азаматтың сенімін бекітетін берік ұстаным.

«Заң мен Тәртіп» – мемлекеттік құрылымның жауапкершілігін, азаматтың сенімін бекітетін берік ұстаным.


Халқымыздың рухани өзегіне айналған Абай атамыз адам баласын биікке жетелейтін қасиеттер — әділет, адалдық, табандылық пен елге деген терең сүйіспеншілік туралы сөзін шегелеп айтқан. Оның ойлары — уақыт өткен сайын қадірін арттыра түсетін тағылым. Абай мұрасы — біздің санамызды, қоғамның тірегін, елдің бағытын айқындайтын құндылықтар жиынтығы.

Біз бүгін осы асыл мұраға негізделген «Абай елі – Заң мен әділет кеңістігі» тақырыбында бас қосып отырмыз.
«Абай елі» — рухани биіктіктің, шынайылықтың, туралықтың мекені. Бұл атаудың өзінде ұлттың мінезі, елдің болмысын түзейтін күш жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жолға қойылған «Заң мен Тәртіп» қағидасы да — осы рухани негіздің қазіргі замандағы көрінісі. Бұл — қоғамның тұтастығын, мемлекеттік құрылымның жауапкершілігін, азаматтың сенімін бекітетін берік ұстаным.
Біз әділеттілікті бір күндік міндет емес, үздіксіз қалып, күнделікті әдетке айналдыруымыз керек.
Адалдық — біздің ішкі мәдениетіміз.
Табандылық — кез келген істі нәтижеге жеткізетін күш.
Елге деген сүйіспеншілік — осы қасиеттерді біріктіретін түп негіз.

Мемлекет жастардың білім алып, тәжірибе жинап, өз бастамаларын жүзеге асыруына бағытталған түрлі бағдарламалары мен жобаларын іске асырып келеді. Бұл — ел болашағына жасалған маңызды инвестиция.
Бүгінде белсенді және идеяшыл жастарымыздың саны күн өткен сайын артып келеді.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш деп білемін.
Осы мүмкіндіктерді ел пайдасына жарата білуіміз керек.

Бұл бағыттағы маңызды қозғаушы күш — еліміздің жастары.
Белсенді, білімді, жаңашыл жастар әділетті қоғамды қалыптастыру жолында ерекше рөл атқарады. Жастардың құқықтық санасын көтеру, қоғам өміріне белсене араласуы – елдің тұрақты дамуының кепілі.

Қазіргі қоғамда “патриоттық” ұғымын кейде тек әскери борышын өтеумен немесе ерекше батырлық көрсетумен шектейтін көзқарастар кездеседі. Алайда шын мәнінде патриоттық — өз еліңді сүйіп, оның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу, туған жердің табиғатын сақтап, оны мейіріммен бағалау, сөздерің мен іс-әрекетіңде мәдениеттілікті сақтап, заңға, әділдікке және қоғамдық тәртіпке адал болу болып табылады. Патриот — тек қана ұраншыл емес, сонымен бірге өз қоғамына жауапкершілікпен үлгі көрсететін азамат. Бұл — жүрекпен сезінетін, санаға сіңірілетін, күнделікті өмірде іс жүзінде көрініс табатын ұлы сезім.

Құрметті жиынға қатысушылар!
Абай айтқан «туралық» пен «шындық» — бүгінгі ұлт тірегі.
Біз елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтауда әділетті қоғам құрып, әр міндетке жоғары жауапкершілікпен қарауға тиіспіз.

Осы елдің нанын жеген соң, оның қамын да қоса жеу — біздің азаматтық борышымыз.
Баршаңызды елге қызмет ету жолында бірлесе әрекет етуге, берілген мүмкіндікті парызбен ұштастыруға шақырамыз.
Елге қызмет — биік сөз емес, күнделікті еңбектің сапасы, ұлт алдындағы адалдық пен табандылықтың көрінісі.

Сөз соңында айтарым, Абайдың үлгісі бізге тек ой салып қана қоймай, әр әрекетімізді ел мүддесіне бағыттауымыз керегін айқындайды. Әділет, адалдық, табандылық пен сүйіспеншілік — біздің басты ұстаным. Біз осы қасиеттерді сақтап, әр ісіміз бен әр шешімімізде ұлт тағдырын ойлай отырып, елге қызмет етуге тиісіміз. Сол кезде ғана «Абай елі – Заң мен әділет кеңістігі» деген ұғым шын мәнінде өмірлік қағидаға айналады.


Нұрмұқасан Әуезхан
“Жастар рухы” қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы 
10 желтоқсан 2025 ж. 9 0