№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШЫМКЕНТТЕ МЕНИНГИТТЕН ЖАС ТҮЛЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕНИНГИТТЕН ЖАС ТҮЛЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ


Бүгін Шымкентте 18 жастар шамасындағы жігіт «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозымен қайтыс болды. Ол 15 маусым күні таңертең Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Ауруханаға жеткізілген сәтінде жансауқтау бөліміне жатқызылған науқастың арадан бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өткенде демі үзіліпті . Бұл туралы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

«2018 жылдың 15 маусымында сағат 06.25-те Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозымен 2000 жылы туылған науқас жансақтау бөліміне түсіп, сағат 07:05-те қайтыс болды. Науқасқа қойылған «Болжамды менингит инфекциясы» диагнозы негізінде алынған зертханалық материалдар зерттеліп, қорытынды диагноз қойылады» делінген басқарманың таратқан ресми хабарламасында.
Белгілі болғандай, бозбала Шымкенттегі Ө. Жолдасбеков атындағы №9 лицейін бітірген. Бүгін оның оқыған мектебінде 11-сыныпты бітіру аттестаты тапсырылды. Мектеп ұжымы да сыныптастары да достарының көз жұмғанын естігеннен кейін, аттестат тапсыру рәсімін сән-салтанатсыз өткізді.
Еске салсақ, бұған дейін 2018 жылдың алғашқы бес айында Оңтүстік Қазақстан облысында 4 адам менингококк инфекциясын жұқтырып, оның екеуі қайтыс болғанын хабарлаған едік.
15 маусым 2018 ж. 971 0