Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » КӘСІБИ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ


Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов қаржы және ауылшаруашылық саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Бүгінгі кәсіби мереке – еліміздің экономикалық қуатын көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жемісті еңбек етіп жатқан Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі деп білемін.
Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы және ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Алдағы уақытта да аянбай еңбек етіп, ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосады деп сенеміз. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жемісті еңбек пен толағай табыстар тілеймін! – деп Бақтияр Мадиярұлы ізгі лебізін білдірді.

Мерекелік қабылдауда ауданның дамуына қызмет етіп жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қабылдау барысында сала ардагерлері Ерғали Оразбеков, Даулет Қалыбаев әріптестерін мерекемен құттықтап, алғыстарын жеткізді.
14 қараша 2025 ж. 428 0